Басқару консоліндегі файлдар күйінің белгішелері

Файлдармен жұмыс істеуді жеңілдету үшін Kaspersky Security Center Басқару консолінде файл атауларының жанында белгішелер көрсетіледі (төмендегі кестені қараңыз). Белгішелер, клиент құрылғыларындағы "Лаборатория Касперского" басқарылатын бағдарламалары тарапынан файлдарға тағайындалған күйлер туралы сигнал береді. Белгішелер Карантин, Сақтық көшірмелеу және Белсенді қауіптер қалталарының жұмыс аймағында көрсетіледі.

Күйлер, нысан орналасқан клиент құрылғысында орнатылған Kaspersky Endpoint Security бағдарламасы тарапынан нысандарға тағайындалады.

Белгішелердің файл күйлеріне сәйкестігі

Белгіше

Күй

Ақ леп белгісі бар қызыл шеңбер.

Вирус жұққан күйі бар файл.

Ақ сұрақ белгісі бар көк шеңбер.

Ескерту немесе Вирус жұққан болуы мүмкін күйі бар файл.

Көк киімдегі адам.

Пайдаланушы қосты күйі бар файл.

Сызып тасталған сызығы бар қызыл шеңбер.

Жалған позитив күйі бар файл.

Қызыл кіресі бар ақ шеңбер.

Емделді күйі бар файл.

Қызыл кіресі.

Жойылды күйі бар файл.

Ақ жалаушасы бар жасыл шеңбер.

Вирус жұқпаған, Құпиясөзбен қорғалған немесе «Лаборатория Касперского» компаниясына жіберілуі керек күйі бар Карантин қалтасындағы файл. Белгішенің жанында күй сипаттамасы болмаса, демек, клиент құрылғысындағы "Лаборатория Касперского" басқарылатын бағдарламасы Kaspersky Security Center-ге белгісіз күйді тағайындаған.

Сағат тіліне қарсы бағытты көрсететін көк көрсеткі.

Вирус жұқпаған, Құпиясөзбен қорғалған немесе «Лаборатория Касперского» компаниясына жіберілуі керек күйі бар Сақтық көшірмелеу қалтасындағы файл. Белгішенің жанында күй сипаттамасы болмаса, демек, клиент құрылғысындағы "Лаборатория Касперского" басқарылатын бағдарламасы Kaspersky Security Center-ге белгісіз күйді тағайындаған.

Қызыл кіресі бар ақ шеңбер. Сағат белгішесі шеңбердің төменгі оң жағында орналасқан.

Вирус жұқпаған, Құпиясөзбен қорғалған немесе «Лаборатория Касперского» компаниясына жіберілуі керек күйі бар Белсенді қауіптер қалтасындағы файл. Белгішенің жанында күй сипаттамасы болмаса, демек, клиент құрылғысындағы "Лаборатория Касперского" басқарылатын бағдарламасы Kaspersky Security Center-ге белгісіз күйді тағайындаған.

Басына оралу